Аттракционның кесірінен екі аяғынан айырылған жігітке қатысты тың дерек шықты

/
Аттракционның кесірінен екі аяғынан айырылған жігітке қатысты тың дерек шықты
shutterstock.com

Қызылордадағы "Арай" саябағында 18 жастағы жігіттің ауыр жарақат алып, аяғынан айырылуына қатысты жаңа мәлімет айтылды. Саябақ басшылығы қайғылы оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Сыр самалы" ЖШС директорының орынбасары Ғани Тұрсекеевтің айтуынша, зардап шеккен жас жігіт саябақта аттракцион операторы болып жұмыс істеген.

"Біздің қызметкер, оператор жігіт аттракционның қоршауынан ішке кірген. Ол неліктен онда барғанын әлі анықтаған жоқпыз, оны тексеруші органдар анықтап жатыр. Қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкес, аттракцион жұмыс істеп тұрған кезде оған кіруге қатаң тыйым салынады", – деді ол.

Алдын ала мәлімет бойынша, қызметкер жылап тұрған баланы жұбату үшін "Америкалық төбешіктер" аттракционына жақындаған болуы мүмкін. Сол сәтте кабинка жігіттің аяғын қысып қалған.

Қайғылы оқиғадан кейін саябақтың аттракциондар орналасқан аумағы уақытша жабылды.

Зардап шеккен жігіттің медициналық колледжде оқитыны белгілі болды. Ол жазғы демалыс кезінде қосымша табыс табу үшін саябаққа жұмысқа орналасқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар