22 Қаңтар, 20:48 2279 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Күтпеген олжа: Дүкеннен ескі диван сатып алған азамат жиһаз ішінен 43 мың доллар тауып алды

Мичигандағы ұсталған жиһаздар сататын дүкеннен ескі диван сатып алған жергілікті тұрғын Говард Кирби күтпеген олжаға тап болды. Диванның ішінен 43 мың доллар ақша шыққан. 

Кирбидің айтуынша, оның әйелі отыруға тым ыңғайсыз диванды сөгіп, реттемек болады. Сол кезде жиһаздың ішінен жұмсақ материалға оралған қорап шығады. Онда 43 мың АҚШ долларынан астам ақша бар екенін қорапты ашқанда бір-ақ көреді.

"Құдды түс көріп отырғандай болдық", – дейді Говард басынан өткен оқиға туралы. Бірақ ол ақшаны өзіне алып қалуға қарсы болған. Адвокат заң бойынша тұтынушы сатып алған заттың ішіндегі дүние өзіне ғана тиесілі екенін айтса да, дегенінен қайтпаған. Оның үстіне, диванды сатқан адам дүкенге хабарласып үлгерген екен. Диванның бұрынғы иесі Ким Фаут-Ньюберри есімді әйел адам болып шықты. Мүлік оның 2019 жылы өмірден өткен атасының меншігі екен. Ал оның ақшаны не себепті тығып қойғанын немересі мүлдем түсінбегенге ұқсайды.

Соңғы жаңалықтар