14 Қаңтар, 15:41 420 0 Қауіпсіздік Анар ЛЕПЕСОВА

Fokker 100 ұшағының қара жәшігіндегі деректер оқылды

Бұл туралы мемлекетаралық авиация комитетінің сайтында хабарланды. 

Барлық ақпарат тергеу комиссиясына берілген, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

"Өздігінен жазғыш деректері оқиғаның хронологиясын қалпына келтіруге және әуе апатының нақты себебін анықтауға мүмкіндік береді", -  делінген хабарламада.

Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының стандарттарына – Чикаго конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес тексеруге әуе кемесін әзірлеуші және жасаушы мемлекеттің уәкілетті өкілі мен кеңесшілері қатысады. Голландияның уәкілетті өкіліне параметрлік жазба берілген.

Комитеттің таратқан ақпарына сай, тексеру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша жұмыстар басталды. Мамандар апаттық ұшу кезінде әуе кемесінің нақты аэродинамикалық сипаттамаларын және оларға сыртқы факторлардың қаншалықты әсер еткенін анықтайтын болады.

Соңғы жаңалықтар