10 Қаңтар, 21:01 236 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

«Томирис» түрікше дубляждалып, Түркияда көрсетілмек

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Режиссер Ақан Сатаев түсірген «Томирис» фильмі биыл сәуірдің 10 күні Түркия кинотеатрларында көрсетіледі. Бұл туралы түркиялық сарапшы Куршад Зорлудың твитер парақшасына сілтеме жасай отырып aikyn.kz жазды.

Түркиялық ғалымның жазуына қарағанда, фильм көрерменге қазақ тілінде түрікше субтитрмен ұсынылады. Бұған қоса, түрікше дубляжы да болады.

Куршад Зорлу «Елеңдеп жүрген қауымнан сүйінші сұраймын. Біраз уақыт бұл тақырыпты сөз етіп едік. «Томирис» фильмі 10 сәуір, жұма күні Түркия кинотеатрларынан көрсетіледі. Қазақ тілінде түрікше субититрмен және түрікше дубляж түрінде екі нұсқаның бірін таңдай аласыздар» деп жазды.

Ал түркиялық көрермен бір жағынан қуанғанымен, сәуірге дейін әлі үш ай бар екенін, мұншама уақыт күту де оңай емес екенін жазуда.

Соңғы жаңалықтар