8 Желтоқсан, 16:13 404 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Балабақшада 1 жасар сәби көз жұмды

Ақтау қаласындағы жеке балабақшалардың бірінде 2018 жылы туған бала көз жұмды. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарлады.

Қайғылы оқиға 6 желтоқсанда түскі уақытта болған. Нәресте 27 шағын ауданда орналасқан жеке балабақшада күтушімен отырғанда қайтыс болды.

Баланың қайтыс болу себептері белгісіз. Бүлдіршін болжам бойынша аллергиялық аурудан көз жұмған.

«Оқиға фактісі Ақтау ПБ-нің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 001-бабы бойынша (Адам өлімі) тіркелді», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар