8 Желтоқсан, 09:26 459 0 Руханият Анар ЛЕПЕСОВА

Жыршы-термешілер елордада бас қосты

Тәуелсіздік қүні қарсаңында еліміздің жыршы-термешілері елордада бас қосты. 

Өнер иелері қала тұрғындары мен қонақтарына жырдан шашу шашып, ұлттық өнерімізді ұлықтады, деп хабарлайды деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолғы кеш күміс көмей, жез таңдай жыршы-термешілердің өнерін тамашалаумен ғана емес, сол жырдың шығу тарихына қатысты көрсетілген қойылымдармен ерекшеленді. «Жыр аманат» концерт-спектаклінде өнер көрсетуге еліміздің барлық жыр мектебінің өкілдері келген. Олардың әрқайсы өз аймағына тән мақамда жыр толғап, төл өнерге сусындаған көрерменнің құлақ құрышын қандырды. Заманауи форматтағы концерт-спектаклді өткізуге елорда әкімдігі ұйытқы болды. Ал «Нұр-Отан» партиясы қолдау білдірген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, елордада бастау алған жыр кеші еліміздің өзге өңірлерінде де өткізілмек.

– Жас буынның бар болғандығынан бұл өнер бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатыр. Бүгінде біздің аға буын, орта буын, қазіргі жас буын өкілдері бар. Осы концерт-спектальде кішкентай 11 жасар Арай Оңғарқызы өзінің өнерін көрсетеді. Концерт-спектакль баланың өнерімен аяқталады. Біздің мақсатымыз – осы концерт арқылы жырлаулық өнердің өшпегендігін, оның мәңгі екендігін және оның әрі қарай жалғасы бар екендігін көрсету, - дейді  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жыршы Ұлжан Байбосынова.

Соңғы жаңалықтар