Түркістан облысында көлігінің мемлекеттік нөмірі көрінбейтін 121 жүргізуші ұсталды

/
Түркістан облысында көлігінің мемлекеттік нөмірі көрінбейтін 121 жүргізуші ұсталды
polisia.kz

Түркістан облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын анықтауға бағытталған «Жалған нөмір» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 1727 құқық бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері оқылмайтын, талаптарға сай келмейтін немесе белгіленбеген орынға орнатылған көлік құралдарын басқарғаны үшін 121 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ мемлекеттік нөмірсіз немесе заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелмеген автокөліктерді басқарудың 93 дерегі анықталды.

Бұдан бөлек, қолдан жасалған немесе жалған нөмірлік белгілерді орнатқаны үшін 4 жүргізуші жауапқа тартылса, тағы 8 жүргізуші жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлікті басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

ЖПІШ аясында көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланудың 448 дерегі және қауіпсіздік белдігін тағу талаптарын бұзудың 1011 фактісі анықталып, жолы кесілді.

Қарсы бағыттағы жолаққа шыққаны үшін 22 жүргізуші, ал мас күйде көлік басқарғаны үшін 20 жүргізуші жауапқа тартылды.

Полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және жолын кесу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар