Солтүстік Қазақстанда механизатор пестицидтен уланып, қаза тапты

/
Солтүстік Қазақстанда механизатор пестицидтен уланып, қаза тапты
istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында қайғылы оқиға болып, ер адам пестицидтермен жұмыс істегеннен кейін көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 15 маусым күні Ленинское ауылында болған. 1980 жылы туған азамат «Қазақстан Бидай» ЖШС-де механизатор болып еңбек еткен.

Оқиға түнгі сағат 01:00 шамасында болған. Егістік алқаптарын химиялық өңдеуге арналған ыдысқа ерітінді құйып жатқан кезде ер адам кенеттен есінен танып қалған.

Әріптестері оны өз күштерімен Тимирязево ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізуге тырысқан. Алайда аудан орталығына дейінгі шамамен 40 шақырым жолда зардап шегушіні аман алып қалу мүмкін болмаған.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы ер адамның ауруханаға жеткізілгенге дейін қайтыс болғанын растады. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге нақты түрі анықталмаған пестицидтердің улы әсері себеп болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар