Биыл елімізге 13 мың қандас оралған

Биыл елімізге 13 мың қандас оралған

Биыл елімізге 13 мың қандас оралған
ашық дереккөзі
 width= Биыл елiмiзге бала-шағасымен қосқанда 13 мың қандас қоныс аударған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бiржан Нұрымбетов айтты. – 1070 қандасты бос жұмыс орнына орналастырдық. 260-тай адам шағын несие алып, кәсiпкер болды. Жүз шақтысы қысқа мерзiмдi оқуға жiберiлдi. Оларға жергiлiктi тұрғындармен бiрдей мүмкiндiк берiлуде, – дедi министр. Былтыр жұмыс күшi тапшыл өңiрлерге шетелдегi қандастардың қоныс аударуына мүмкiндiк беретiн 2100 квота бөлiнген. Министр 2020 жылы осы мақсатта 1900 квота қарастырылғанын айтты. Десе де, «Бұл көрсеткiш шеттегi бауырлардың көшiп келуiн шектеу деген сөз емес. Тiптi 100 мың қандас қоныс аударып, қай өңiрге көшiп келемiн десе де, өз еркi. Петропавл сияқты солтүстiктегi жұмыс күшi аз өлкелерге барып тұру үшiнквота берiледi, – деп атап өттi Бiржан Нұрымбетов. Биыл қоныс аударған қандастардың екi мыңға жуығы осы бағдарламаға қатысқан.