29 Қараша, 15:39 282 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Көшбасшы - 2019: Алматы облысында жылдың үздік жастары марапатталды

Талдықорған қаласындағы «Көктем Гранд» кешенінде өз саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген өңір жастарына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Көшбасшы - 2019» жастар сыйлығын табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үздік жас мемлекеттік қызметші» аталымының жеңімпазы - Владимир Чепель. Ол Ақсу ауданы, Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы. «Үздік жас спортшы» номинациясын Баян Акбаева жеңіп алды. Ол бокстан спорт шебері. Қытайдың Ухань қаласында өткен додада үшінші орын иелеген.

Ал «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы жүлдесі Әсем Қалибек бұйырды. Әсем «Жасанды тауға өрмелеу» спортынан Спорт шеберлігіне үміткер. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Белсенді қоғамдық қызметі үшін» төсбелгісінің иегері. Бірнеше тілді жетік меңгерген жас маман бүгінгі таңда Жетісу Мемлекеттік университеті «Жастар орталығының» қызметкері.

«Аудандық жастар ресурстық орталығының үздік маманы» аталымын Айбек Ілебаев (Еңбекшіқазақ ауданы) жеңіп алды. Айбек Еңбекшіқазақ аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты, аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы. «Ауыл шаруашылығының үздік маманы» аталымын Ержан Бекмырза (Панфилов ауданы) иеленді. «Үздік студент» жүлдесі Еркежан Есімжанқызына (Талдықорған қаласы) бұйырды.

«Ауыл шаруашылығының үздік маманы» аталымының жеңімпазы - Ержан Бекмырза. Ол Панфилов ауданы «Ветстанция» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға қарасты Жаркент қаласы ветеринариялық пунктінде меңгеруші қызметін атқарады. «Үздік жас әскери - қызметкер» - Бауыржан Әлібаев (Алакөл ауданы), «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы - Ерсұлтан Тоқтажынов (Талдықорған қаласы), «Үздік жас ғалым» - Өмірұзақ Қалдарбекұлына (Талдықорған қаласы) бұйырса, «Үздік жас отбасы» жүлдесін Әбішовтар отбасы (Кеген ауданы) жеңіп алды. Әулеттің отанасы Маржан Саты ауылдық окугі әкімдігінің аппаратында жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы қызметін атқарады. Азат Айдарханұлы екеуі бүгінде төрт балаға өнегелі тәрбие бере отырып, қоғамдық өмірге де белсене араласады.

Ал «Үздік жас кәсіпкер» - Әдемі Есеншораева (Балқаш ауданы), «Үздік жас батыр» - Алмас Ризабеков (Ескелді ауданы), «Үздік жас әдебиетші» - Күмісбек Мұхтар (Талдықорған қаласы), «Үздік жас ерікті» - Жазель Дәкубаева (Талдықорған қаласы), «Үздік жас өнерпаз» - Асхат Мадиев (Талдықорған қаласы), «Үздік жас дәрігер» - Дархан Нурмадиев (Ескелді ауданы), «Үздік жас ұстаз» - Назгүл Жайлаубаева (Талдықорған қаласы), «Жасыл ел» жасағының үздік сарбазы - Зере Тұрғанбаева (Талдықорған қаласы). Жастар үкіметтік емес ұйымының үздік көшбасшысы – Бақтияр Бақыткелдіұлына (Кеген ауданы) бұйырды.

«Үздік жас журналист» номинациясын Мәулен Әнербай (Талдықорған қаласы) қанжығалады. Мәулен Әнербай облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. «Күн қызы» атты жыр жинағы жарыққа шыққан. Бұқаралық ақпарат құралдары саласын дамытуға қосқан үлесі және жастар саясатына белсене араласқаны үшін 2 мәрте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатының иегері.

Әр жеңімпазға 25 0мың теңгенің ақшалай сертификаты және «Көшбасшы» мүсіншесі табысталды.

 

Соңғы жаңалықтар