20 Қараша, 10:52 258 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Дәмханаға атпен баса-көктеп кірген жігіт тұтқындалды

Sputniknews.kz
Sputniknews.kz

Тосын жағдай кешкі уақытта кафедегі қонақтар көңіл көтеріп отырғанда болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ондағылар атты көріп шошып кеткен екен. Кейбіреулер дәмханаға келген жануарды видеоға түсіруге кірісіпті. Кейін бұл бейнежазбаны полицияға жібереді.

Жедел іздестіру шараларынан соң аттың иесі ұсталды. Ол 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жұртты шошытқан ер адам қазір өз әрекеті үшін қамауда отыр.

"Ұсталып, полицияға жеткізілді. Бұзақылық ісі бойынша жиналған материал сотқа жолданды. Бұл азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен бес күнге қамауға алынды", - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.

Соңғы жаңалықтар