Құны – 1 млрд теңге: 27 жыл бұрын жекеменшікке өтіп, сатылып кеткен жер телімі қайтарылды

/
Құны – 1 млрд теңге: 27 жыл бұрын жекеменшікке өтіп, сатылып кеткен жер телімі қайтарылды
istockphoto.com

Қорғаныс мақсатындағы құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы қадағалау шаралары барысында Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің біріне тиесілі, жалпы аумағы 87 гектардан асатын жер учаскесінің 1999 жылы заңсыз түрде жеке меншік құрылымдардың пайдасына берілгенін және кейіннен бірнеше мәрте қайта сатылғанын анықтады.

Гарнизон прокуратурасы әскери бөліммен бірлесіп, сот тәртібімен сатып алу-сату шарттарының жарамсыз деп танылуын қамтамасыз етті. 

Нәтижесінде құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, әскери ведомствоның балансына берілді. 

Көрсетілген бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар