14 Қазан, 11:55 241 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

Бразилиядан Қазақстан мен Түркияға кокаин тасымалдаған қылмыстық топ сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті кокаин контрабандасының транзиттік арнасының жолын кесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті шымкенттік әріптестерімен бірге Бразилиядан БАӘ арқылы Қазақстанға және одан әрі Түркияға кокаин жеткізудің халықаралық арнасын анықтап, жолын кесті.

«2019 жылғы наурызда ҰҚК Алматы қалалық департаменті жедел іздестіру барысында Алматы әуежайында контрабандалық жолмен кокаин әкелді деген күдікпен «Дубай-Алматы» авиарейсінің жолаушысы, ҚР азаматы М. Сатыбалдиевті ұстады. Т ексеру кезінде қалалық клиникалық аурухананың медқызметкерлері арнайы процедура жүргізіп, М. Сатыбалдиевтің асқазан-ішек жолдарынан жалпы салмағы 460 грамм кокаины бар 42 капсула табылды. Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде оған туыстық қатысы бар Л. Құрманбаева ұсталды. Ол көрсетілген есірткі партиясын Бразилиядан ҚР-ға контрабандалық жолмен жеткізуді ұйымдастырған, сондай-ақ оларды Түркияға тасымалдамақ болған» делінген хабарламада.

Биылғы маусымда Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен Л. Құрманбаева мен М. Сатыбалдиев ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі және 286-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Олар қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу колониясында 15,5 жыл жазасын өтейді.

 

Соңғы жаңалықтар