14 Қазан, 11:01 294 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

ІІМ: Бишімбаевтың өтелмеген қарызы жоқ

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қуандық Бишімбаевтың босатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Оның жазаны жеңілдету туралы арыз беруіне құқығы болды. Ол арыз берді, сот барлық мән-жайды ескерді. Сіздер сот шешімін қараңыздар. Сот барлығын түсіндіріп берді".

"4 жыл 8 айға оның жазасы қысқарды, Жоғарғы соттың үкімін оқып көріңіздер. Сонда жазылған. Ол төрт жыл 8 айдың үштен екі бөлігін өтеді, бір жылдан аса уақыт қалды. Менің білуімше, бір жыл үш ай. Осы бір жыл үш айды оған айыппұл ретінде алмастырды", - деді Марат Қожаев.

"Бишімбаев кінәсін мойындады ма?" - деген сұраққа, ІІМ бірінші орынбасары "Иә" деп жауап берді.  "Қиын дымы да жоқ. Жоғарғы сот барлығын айтты. Келтірілген залал мөлшері (қарыз) айтылса және Жоғарғы сот осындай шешім қабылдаса, Бишімбаев өтемеген қарыздың болмағаны", - деді ол.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың наурызында Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Ол пара алғаны және ақша ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған.  Сот төрт айдан астам уақытқа созылды. Бишімбаевпен бірге тағы 22 адамның ісі қаралған, олар: "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ-ның бұрынғы қызметкерлері, кәсіпкерлер мен құрылыс компанияларының өкілдері.

2019 жылы ақпанда Бишімбаев Шымкент қаласындағы орта қауіпсіздік мекемесіне ауыстырылған еді. Өткен аптада ол бостандыққа шықты.

Соңғы жаңалықтар