Салық төлемеген азаматтардың балалары ҰБТ тапсыра ала ма?

Салық төлемеген азаматтардың балалары ҰБТ тапсыра ала ма?

Салық төлемеген азаматтардың балалары ҰБТ тапсыра ала ма?
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерде салық берешегі бар азаматтардың балалары Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыса алмайды деген ақпарат тараған болатын. Осыған орай ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті ресми мәлімдеме жасады. «Мүлік, жер, көлік салықтарын төлеу міндеті ҚР Салық кодексінде бекітілген. Алайда, аталған құжатта салық берешегі бар азаматтардың туыстары мен жақындарының емтиханға, мемлекеттік бағдарламаларға және басқаларға қатысуға шектеу қою бойынша норма жоқ. Қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі»,– деп атап өтті комитеттегілер. Сондай-ақ, ведомство осы жылдың аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық үрдісі жүргізіліп жатқанын еске салады. Оның ережелеріне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.