19 Тамыз, 08:42 251 0 Жаңалықтар Túrkistan Gazeti

Жамбыл облысында 7 аудан дәнді дақылдарды жинауды аяқтады

Жамбыл облысының шаруашылық нысандарында дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша, жамбылдық шаруалар өңірде егілген дәнді дақылдардың 99% жинап алды. «17 тамыздағы деректер бойынша, 330 мың дәнді дақыл жиналып (99%), 750 мың тоннадан астам бидай еленген. Жиын-терін науқанын облыстағы 10 ауданның жетеуі аяқтады. Орташа шығымдылық гектарына 22,7 центнерді құрады. Жиын-терін жұмыстарына 5 мың техника мен 782 комбайн жұмылдырылды»,-деп хабарлады ауыл шаруашылығы ведомствосының өкілдері.

Соңғы жаңалықтар