Қазақстан Халық партиясының өкілдері Павлодар облысындағы ауыл тұрғындары мен медицина қызметкерлерімен кездесті

Қазақстан Халық партиясының өкілдері Павлодар облысындағы ауыл тұрғындары мен медицина қызметкерлерімен кездесті

Қазақстан Халық партиясы Павлодар облыстық филиалының белсенділері Ақтоғай ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен және еңбек ұжымдарымен кездесті. Іс-шараларға Ұлттық құрылтай депутаттығына кандидаттар Әлімбек Ағыбаев пен Евгений Миронов, сондай-ақ Қазақстан Халық партиясының белсенділері Мейрам Имашев, Маржангүл Имашева және Райхан Жақыпова қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесулердің бірі «G Agro PV» ЖШС-де өтті. Кәсіпорын дәнді және майлы дақылдар мен картоп өсірумен айналысады. Көп жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп келе жатқан кәсіпорын басшысы Игорь Головашов ауданда 50-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашқан.

Кәсіпорын ұжымымен өткен кездесуде ауыл тұрғындарын қолдау, өңірлерді дамыту және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Партия өкілдері азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы білім мен медициналық көмекке тең дәрежеде қол жеткізуі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болуы тиіс екенін атап өтті.

Кездесу Ақтоғай аудандық орталық ауруханасында жалғасты. Медицина қызметкерлеріне Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, олар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кандидаттар мен партия өкілдері барлық сауалдарға жан-жақты жауап берді.

Кездесулер барысында партия өкілдері сайлауалды бағдарламаны таныстырып, ақпараттық-үгіт материалдарын таратумен қатар, тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін жинақтады. Олар халықпен тікелей диалог жүргізу және азаматтардың пікірін ескеру партияның сайлауалды жұмысының маңызды қағидаттарының бірі екенін атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар