Испанияда қар жауып, жарық сөнді

Испанияда қар жауып, жарық сөнді

Испанияда қар жауып, жарық сөнді
ашық дереккөзі
Испанияда ауа райы температурасы күрт төмендеп, соңы толассыз жауған қарға ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24». Бірнеше адам іс-түзсіз жоғалып кетті. Демалыс күндері өңірде күн райы қатты суып, биылғы жылға алғаш рет қар түскен еді. Нәтижесінде Астурия мен Меноркеде 50 мың отбасы жарықсыз қалды. Балеар аралында қатты құйын болып, электр сымдарын үзіп кетті. Астурияның кейбір мектептерінде сабақтар тоқтатылды. Жергілікті тұрғындар қыстың көзі қырауға әлі дайын емес едік дейді. Синоптиктердің ескертуіне қарамастан тұрғындар абдырап қалды. Пиренейге серуендеуге шыққан 57 жастағы ер адам мен 43 жастағы әйел адам адасып кеткен. Дегенмен оларды құтқару тобы дереу тапты. Ал дүйсенбіде Галисияда спорттық балық аулау кезінде жоғалып кеткен ер адам әлі іздестіріліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, балықшы суға құлап кетуі мүмкін. Жалпы ауа райы қолайсыздығы салдарынан Испанияның 29 елді мекенінде қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды.