Танымал әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желідегі сынға қатысты пікір білдірді. Өнер иесі жұбайымен бірге түсірген контентінен кейін оқырмандар тарапынан түрлі пікір айтылып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әнші өз жазбасында Threads, Instagram және TikTok желілерінде өзіне қатысты сын көбейгенін айтып, жеке өміріне қатысты пікір білдіргендерге жауап берді.
"Ееехххх… Threads-ке кірсек тергеп жатыр, Инстаға кірсек илеп жатыр, ТикТокқа кірсек тиісіп жатыр… Біздің бақытымызды көре алмайтындай не істеп қойдық екен?! Менің де бақытты өмір сүргім келеді ғой. Сұхбат бермесем болмайтын сияқты…" – деп жазды Жігер Ауыпбаев.
Өнер иесінің бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Бірі әншіге қолдау білдірсе, енді бірі оның жеке өмірін көпшілік назарына жиі шығарғанын сынаған.