Нұрбек Оралбай финалдық жекпе-жекке шықпайтын болған
Мазмұны
Болгария астанасында өтіп жатқан халықаралық Странджа кубогінің финалы қарсаңында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай жекпе-жекке шықпай, жеңісті отандасы Бекзад Нұрдәулетовке берді.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, Нұрбек Оралбай финалдық жекпе-жекке шықпайтын болған. Осылайша, 86 келіге дейінгі салмақта Нұрдәулетов автоматты түрде турнир жеңімпазы деп танылды.