сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Нұрқожа Қайпанов Азия чемпионатының алтын жүлдесі үшін таласады

/
olympic.kz
Нұрқожа жартылай финалда ирандық Мохаммад Реза Шакериді 6:1 есебімен тізе бүктірді

Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын медалі үшін күресетін болады. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Қазақстандық балуан 74 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.

Нұрқожа жартылай финалда ирандық Мохаммад Реза Шакериді 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, финалдық белдесулер Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Бөлісу: