сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Гимнаст Зейнолла Ыдырысов Германиядағы турнирде алтын жеңіп алды

/
olympic.kz

Қазақстандық спортшы ат снарядындағы жаттығуда жеңіске жетті.

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Зейнолла Ыдырысов Германияның Штутгарт қаласында өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы ат снарядындағы жаттығуда жеңіске жетті.

Ыдырысов төрешілердің шешімі бойынша 14,066 ұпай жинады. Екінші орынды италиялық Эдоардо Де Россо (13,966) иеленсе, үшінші орын жапониялық Рёсуке Доиге (13,766) бұйырды.

Бөлісу: