сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Астанадағы бокс кешінде жұдырықтасатын боксшылардың тізімі жарияланды

/
Getty Images
Кеш бағдарламасында өзге де танымал қазақстандық боксшылардың жекпе-жегі жоспарланған

5 сәуір күні Астанада кәсіпқой бокс кеші өтеді. Турнирде 10 жекпе-жек болады.

Qazaqstantv арнасының мәліметінше, басты жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен Анауэль Нгамиссенгу (14-0, 9 КО) кездеседі. Отандасымыз IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін қорғайды.

Кеш бағдарламасында өзге де танымал қазақстандық боксшылардың жекпе-жегі жоспарланған. 

Атап айтқанда:

– Сұлтан Заурбек - Азинга Фузиле;

– Бахадүр Жалолов - Игорь Шевадзуцкий;

– Батыр Жүкембаев - Кейн Гарднер;

– Махмұд Сабырхан - Николас Тордесилья;

– Балауса Мұздыман - Мария Тереза Пинили;

– Отабек Холматов - Каноя Манигоса;

– Төрехан Сабырхан - Джири Хауке;

– Ақниет Әлімбай - Йозеф Дубски;

– Алишер Абдулалим - Кумар Чаудхари.

Бөлісу: