14 Қыркүйек, 20:51 248 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Алматыда тұмауға қарсы екпенің 130 мың дозасы сатып алынды

Алматыда тұмауға қарсы вакцинациялау жұмыстарын жүргізу үшін Ресейде өндірілген "Гриппол плюс" препаратының 130 мың дозасы сатып алынған. Бұл туралы қаланың бас санитары Жандарбек Бекшин мәлімдеді. 

Ж.Бекшиннің айтуынша, оңтүстік астанада тұмауға қарсы егу жұмыстары 15 қарашаға дейін созылады.

Өткен аптада қалада 1219 адамға ЖРВИ диагнозы қойылған. Бұл көрсеткіш оның алдындағы аптадан 25 пайызға және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға жоғары. Бас санитардың дерегінше, науқастардың 62 пайызы – балалар.

Алматы қаласында ерекше топтағы тұрғындар тұмауға қарсы тегін егіледі. Бұл санатқа медицина қызметкерлері, балалар үйінің, мектеп-интернаттағы балалар, қарттар және мүгедектер үйіндегі азаматтар, жүкті әйелдер жатады.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада вирустық инфекциялар мен тұмауға қарсы вакцинациялау басталғанын хабарлағанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар