«Байтақ» партиясының өкілдері Жамбыл облысындағы ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады

«Байтақ» партиясының өкілдері Жамбыл облысындағы ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады

«Байтақ» жасылдар партиясының Жамбыл облыстық филиалы Әулиеата ауданындағы Қоныртөбе тұрғындарымен кездесті. Пікір алмасу форматында өткен жиында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өңірдің экологиялық және әлеуметтік мәселелері талқыланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесуді облыстық филиал төрағасы Нұрсұлтан Өмірбаев пен атқарушы хатшы Ихтияр Мырзахметов өткізді. Олар партияның қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бағытындағы бастамаларға тоқталды.

«Қуатты Қазақстан әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Экология – тек табиғатты қорғау емес, ол – халықтың денсаулығы, өңірлердің дамуы мен болашақ ұрпақтың өмір сапасы. Сондықтан біз тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, оларды нақты іске асыруға күш саламыз», – деді Нұрсұлтан Өмірбаев.

Тұрғындар елді мекенді абаттандыру мен көгалдандыру, ауыз су, суару жүйесін жетілдіру, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, ескі тұрғын үйлерді жөндеу және күзгі ағаш отырғызу жұмыстарын ұйымдастыру сынды түткілдерді көтерді.

Партия өкілдері барлық ұсыныс-пікір ескерілетінін айтып, жүйеленген соң тиісті мемлекеттік органдарға жолданады деді. Мұндай кездесулер халықтың нақты сұранысын анықтап, экологиялық қауіпсіздік пен өңірдің тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар