Қазақстан Халық партиясының өкілдері ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен кездесті

Қазақстан Халық партиясының өкілдері ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен кездесті

Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Болат Смағұлов, Ілияс Болатов және Виктор Поднебесный, сондай-ақ партия мүшесі, қоғам белсендісі Рауана Сағадиева "Spina Bifida" қоғамы қоғамдық қорының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында қатысушылар spina bifida диагнозы қойылған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар күнделікті тап болатын өзекті мәселелерді талқылады. Ата-аналар медициналық көмек алу, қажетті техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілу және әлеуметтік қолдау мәселелеріндегі қиындықтарды ашық айтты.

Кездесудің басты мақсаты – әр отбасының мәселесін тыңдап қана қоймай, балалар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін жүйелі шешімдерді талқылау болды.

Қазақстан Халық партиясы тиімді өзгерістер өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын жақсы білетін азаматтармен ашық әрі сындарлы диалогтан басталатынына сенімді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар