Париж тұрғындары көшеде маска тағуға міндеттелді

Париж тұрғындары көшеде маска тағуға міндеттелді

Париж тұрғындары көшеде маска тағуға міндеттелді
ашық дереккөзі
Париж тұрғындары адам қарасы көп көшелерде маска тағып жүруге міндеттелді. Бұл ережеге жасы 11-ден асқан тұрғындар мен қала қонақтары бағынуы тиіс. Ережені бұзғандарға 135 еуро көлемінде айыппұл салынады. Негізі Францияда маска тағу тәртібі шілденің 20-сында енгізілген еді. Бірақ бұл талап жабық қоғамдық орындарға ғана қатысты болатын. Ал бетпердені далада тағу-тақпау мәселесін әр аймақ билігі өзі шешуі тиіс-тін. Парижде эпидемиологиялық ахуал нашарлаған мамандар масканы көшеде де тағып жүруді міндеттеуді ұсынды. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, пандемия басталғалы Францияда 239 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Науқастардың 30 мыңнан астамы көз жұмды. Ал әлемде індетке шалдыққандардың жалпы саны 20 миллионнан асып жығылды. Індеттен 734 мыңнан аса адам қайтыс болды.