6 Тамыз, 14:23 1257 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Қазақстанда оқушылар мен мұғалімдерге арналған «Білім» тарифі іске қосылады

Қазақстанда оқушылар мен мұғалімдер үшін ай сайынғы абоненттік төлем 990 теңгені құрайтын «Білім» тарифі іске қосылады, деп хабарлайды  «Еуразия» бірінші арнасы. 

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнәр Бөкееваның айтуынша, тариф тамыздың екінші жартысында қолжетімді болады.

"Мұғалім" немесе "студент" байланысының шарттарын Білім және ғылым министрлігі анықтайды. Бұл мәселе әлі толық пысықталмаған. Мүмкін олар оқытушылар мен студенттердің тізімін берер", - деді министрліктегілер.

Қолайлы тариф барлық ұялы байланыс операторларына біріңғай әсер ететін болады.

Арнайы тарифке білім министрлігі бекіткен 380 отандық білім беру ресурстарына шексіз қол жетімді бола алады. Байланыс операторлары қосымша абоненттерге бір гигабайт интернет-трафикті ұсынады.

Соңғы жаңалықтар