Өскеменде жасөспірім тізгіндеген көлік аударылып, екі бала қаза тапты

/
Өскеменде жасөспірім тізгіндеген көлік аударылып, екі бала қаза тапты
unsplash.com

Өскеменде кәмелетке толмаған жасөспірім басқарған автокөлік жол апатына ұшырап, өртеніп кетті. Оқиға салдарынан көлікте болған екі жасөспірім қаза тапты, деп turkystan.kz тілшісі Yk-news басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, қайғылы жағдай 17 шілдеде болған.

Алдын ала дерек бойынша, көлік тізгінінде кәмелетке толмаған жасөспірім отырған. Ол рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі кедергіге соғылған. Қатты соққыдан кейін автокөлік аударылып, отқа оранған.

Көліктегі екі кәмелетке толмаған жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдайларға қатысты қолданылады.

Қазіргі уақытта жол апатының нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары