5 Тамыз, 20:06 517 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Қазақстандық жігіт 10 адамды өрттен құтқарды

Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық Алиакбар Юлдашев өрт кезінде 10 адамды құтқарғаны үшін марапатталды. Бұл туралы Korea Times басылымы жазған.

28 жастағы жігітке «ерлігі үшін» марапатын жергілікті провинцияның аудандық бөлімінің басшысы табыс еткен.

Басылым осы марапаттың арқасында қазақстандық өрт кезінде алған жарақаттары үшін мемлекеттік өтемақы, сондай-ақ елде тұрақты тұруға мүмкіндік алатынын атап өтті.

Алиакбардың таныстарының сөзінше, бұл жігіттің алғашқы ерлігі емес. Бұған дейін наурыз айында ол тағы бір оқыс оқиғаның алдын алған.

Соңғы жаңалықтар