3 Тамыз, 15:35 522 0 Қоғам Анар ЛЕПЕСОВА

Нұр-Сұлтанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиеваның шешімімен елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы ХҚО-лар қызмет алушыларды жұмыс күндері 09.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚО сенбі күні қосымша 09.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Жаңа жұмыс уақытына байланысты ХҚО-ға кезекті 16.30-ға дейін (авто ХҚО-ға сенбі күні 15.30-ға дейін) брондау қажет. Қызмет алушылар ХҚО-ға келуін egov.kz порталындағы арнайы сервис, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондай алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық, әлеуметтік қашықтық және бетперде тәртібі қатаң сақталған. Алайда қызмет алушылар өздерін жайсыз сезініп немесе сырқат белгілерін байқаса, ХҚО-ға барудан бас тартқаны жөн. Қызмет алушы азаматтар арнайы медициналық бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет.

 

Соңғы жаңалықтар