Петропавлда құтқарушылар ірі жарылыстың алдын алды

/
Петропавлда құтқарушылар ірі жарылыстың алдын алды
ТЖМ

Петропавлда ТЖМ қызметкерлері ангардағы өртті сөндіріп, ықтимал жарылыстың алдын алды. Қауіпті аймақтан газ баллондары дер кезінде шығарылды.

Өрт Мүсірепов көшесіндегі ангарда шыққан. Жалын ғимарат қабырғасының 80 шаршы метр аумағын шарпыған. Алайда өрт сөндірушілер тілсіз жауды қысқа уақытта оқшаулап, толық сөндірді.

ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру барысында қауіпті аймақтан бес оттегі және бір газ баллоны сыртқа шығарылған. Соның арқасында ықтимал жарылыстың алдын алу мүмкін болды.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына отпен жүргізілетін жұмыстар кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар