Ақмолада бірнеше ауданда шыққан құрғақ шөп өрті толық ауыздықталды сөндірілді

/
Ақмолада бірнеше ауданда шыққан құрғақ шөп өрті толық ауыздықталды сөндірілді
Фото: ТЖД

Ақмола облысында соңғы тәулікте жалпы аумағы 230 гектардан асатын бірнеше құрғақ шөп өрті толықтай сөндірілді.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт ошақтары Атбасар ауданындағы Сочинское ауылының маңында, Еңбек және Бейтоғай ауылдық округтерінде, Ақкөл қаласының шетінде, Бозайғыр ауылының маңында, Целиноград ауданындағы Қабанбай батыр және Тасты ауылдарының жанында, Жақсы ауданындағы Тайпақ ауылында, сондай-ақ Қорғалжын ауданындағы Кенбидайық ауылының төңірегінде тіркелген.

Өртті ауыздықтау жұмыстарына Ақмола облысы ТЖД бөлімшелерімен қатар «Қазәуеқұтқару» АҚ, жергілікті атқарушы органдар, «Жасыл аймақ» РМК және Сандықтау, Ақкөл, Степногор, Краснобор, Ерейментау орман шаруашылықтарының қызметкерлері жұмылдырылды.

Ведомствоның хабарлауынша, барлық өрт ошақтары толық сөндіріліп, елді мекендерге қауіп төнуіне жол берілген жоқ.

Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, құрғақ шөпті өртемеуге шақырды. Төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне дереу хабарласу қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар