ШҚО-ға Татарстаннан 20 дәрігер келеді

ШҚО-ға Татарстаннан 20 дәрігер келеді

ШҚО-ға Татарстаннан 20 дәрігер келеді
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстанда пневмониядан 51 адам, коронавирустан 22 науқас көз жұмды. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов айтты. Облыс әкімінің айтуынша, індеттің күрес жұмыстарына көмектесу үшін өңірге шетелден мамандар тартылмақ. «Кезекті болдырмас үшін Өскемен, Семейдегі үш медициналық мекеме облыстағы аудандарды бөліп алып, сол аудандардан келген науқастарды қарайды. 55 электрондық рентгенді қолданатын боламыз. 277 реанимациялық орын дайындадық. Жоғары техникалық орындарда аса ауыр жағдайдағы адамдар жатады. Бүгінгі таңда науқастарға қарау үшін қосымша 148 дәрігер, 197 медбике жұмысқа тартылды. Қазіргі уақытта Татарстан президентімен келісімге келдік. Жақын уақытта ол жақтан 20-дан астам тәжірибелі маман ШҚО-ға біздің дәрігерлерге кеңес беруге келеді», - дейді Даниал Ахметов. Айта кетейік, бұған дейін елімізге Ресейден 32 дәрігер келгенін хабарлағанбыз. Олардың арасында вирусологтар, эпидемиологтар, анестезиологтар, ревматологтар мен пульмонолог және басқа да бейінді бағыттардағы дәрігерлер бар. Рсейлік мамандар қазақстандық дәрігерлерге індетпен күресуде консультациялық және практикалық көмек көрсететін болады.