8 Шілде, 10:06 437 0 Нұр Отан Анар ЛЕПЕСОВА

Birgemiz: Алакөл ауданына 2 жедел жәрдем көлігі берілді

Астана күнін аймақтар да атап өтті. Мейрамда Алматы облысына қарасты Алакөл ауданына 2 жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды.

Шара барысында «Nur Otan» қатарына кірген бір топ жасқа партия билеті табысталып, бір ерікті «Халық алғысы» төс белгісімен марапатталды, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен облыстық партия филиалының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев қатысты.

"Birgemiz қорының атынан біздің Жетісу өңіріне 40 мыңнан астам адамға 2 млрд.тан астам қаражат төрт толқынмен бөлінді. Бұл жерде біздің барлық қала, аудандарымыз қамтылды. Жеті санаттағы мұхтаж адамдарға тізім жасалынып, солардың барлығына аталған қаражат толығымен таратылып берілді", - дейді «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев.

Ал, Талдықорғандағы облыстық ауруханаға су жаңа реаномобиль берілді. Ол, жергілікті кәсіпкерлер көмегімен алынған. Қапшағайдағы орталық ауруханаға болса, көлікпен бірге құны 8 млн. теңгелік 1900 экспресс тест табысталды. Ал, Еңбекшіқазақ ауданындық ауруханасына болса 53 млн. теңгелік жылжымалы зертхана сатып алынды.

Соңғы жаңалықтар