2 Шілде, 12:53 439 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

COVID-19: АҚШ-та жаңа антирекорд тіркелді

АҚШ-та өткен тәулікте 48 мыңнан астам адамның COVID-19 індетін жұқтырғаны белгілі болды. Бұл мемлекет үшін жаңа антирекорд, деп хабарлайды Reuters.

Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша АҚШ-та  коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 2 686 582 адамға жетті. Індеттен 128 062 адам көз жұмды.

Ресми деректер соңғы аптада Аризона, Калифорния, Флорида, Техас және басқа он штатта вирус жұқтырғандар саны екі есеге өскенін көрсетіп отыр.

Айта кетейік, әлем бойынша қатерлі індетке шалдыққандар саны 10,7 миллионға жуықтады. Індет құрбандарының жалпы саны – 516 210.

Ал Қазақстанда өткен тәулікте 1509 адамнан коронавирус анықталып, қатерлі вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 42 574-ке жетті. 14 мыңнан астам адам емделіп шықты. 188 науқас қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар