Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты қашан өтетіні белгілі болды

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты қашан өтетіні белгілі болды

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты қашан өтетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) 2020/21 жылғы маусымға арналған жарыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.  Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылғы әлем чемпионаты Швецияның Стокгольм қаласында өтеді деп жоспарлануда. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, әлемдік дода 22-28 наурыз аралығында ұйымдастырылуы мүмкін. Ал Төрт құрлық турнирі 2021 жылдың 8-14 ақпаны аралығында Австралияның Сидней қаласында өтеді. Айта кетелік, әлемдегі ахуалға байланысты турнирлердің өту мерзімі өзгертілуі мүмкін.