26 Маусым, 19:10 408 0 Жаңалықтар Арайлым Бимендиева

Biz birgemiz: әлеуметтік әлсіз топтарға көмектесу кезең-кезеңімен жүзеге асуда

«Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында қоғамдағы әлсіз топтарға жасалатын қайырымды істер кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.    

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының  қоғамдық қабылдау бөліміне өтінішпен келген қала тұрғыны, 1-топтағы мүгедек Несібелі Жеңісбеқызы үйінің ауласындағы тозығы жеткен  қоршауды (забор) күрделі жөндеуден өткізіп беруді сұраған.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының  ұйымдастыруымен «Jas Otan» жастар қанатының  жұмысшы мамандықтарын насихаттау жобасы бойынша Қызылорда қаласындағы «Бизнес және құрылыс» колледжінің құрылысшы мамандығында білім алып жүрген студенттер Нұржігіт пен Асылмұрат  жас отандықтармен  байланыс орнатып, аталған азаматшаның қоршауын жөндеуден өткізіп берді.

Соңғы жаңалықтар