Қарағандыда сәбиін қоқысқа тастап кеткен ана табылды

Қарағандыда сәбиін қоқысқа тастап кеткен ана табылды

Қарағандыда сәбиін қоқысқа тастап кеткен ана табылды
ашық дереккөзі
Қарағанды облысының полицейлері қоқыс контейнерінен табылған шақалақтың анасын анықтады, – деп жазды ҚазАқпарат. Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуір күні Қарағанды қаласында Октябрь ауданындағы үйлердің бірінің жанындағы қоқыс контейнерінен 1 айлық сәби табылған болатын. Нәрестені жедел жәрдем бригадасы тексеріп шығып, дене жарақаттарын таппады. «Полиция департаментінің басшылығы нәрестенің анасын анықтау үшін криминалдық полиция мен жергілікті полиция қызметінің тәжірибелі мамандарынан тұратын жедел-тергеу тобын құрды. Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы бағытталды. 6 сәуір күні 22 жастағы нәрестенің анасы анықталды», – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі «адам өлтіруге оқталу» бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.