26 Наурыз, 15:02 3966 0 Қауіпсіздік Анар ЛЕПЕСОВА

Алматыда блокбекетті бұзып өтпек болған 70 адам тұтқындалды

Алматыда Төтенше жағдай режимін бұзғандарға қатысты 120 әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. 

«26 наурыздағы жағдай бойынша, Алматы әкімшілік істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соты 120 әкімшілік іс қараған. Карантин аймағының шекарасын бұзбақ болған 111 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 70-і 5 тәуліктен 10 тәулікке дейін қамауға алынса, 41 құқықбұзушыға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - деді баспасөз қызметінен.

Карантин мерзімінде кәсіпкерлікпен айналысқан 9 тұлғаның екеуі 5 тәулікке қамалса, қалған 7 адамға әкімшілік айыппұл салынды.

Әкімшілік жазаға тартылғандардың ішінде «Восход» сауда үйі, «Эмиль» мейрамханасы, «Центр шашлыка» мейрамханасы, «Barbeque» дәмханасы, «Loto Club» ойын залы, «Мечта Маркет» ЖШС, «Genеsys» ойын клубы, «Ultimate» ойын клубы бар.

 

Соңғы жаңалықтар