Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 0,18 теңгеге өсіп, 477,17 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің 29 шілдеге белгілеген ресми бағамы – 476,75 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды 471,00 теңгеден сатып алып, 478,00 теңгеден сатып жатыр. Еуро 535,00 теңгеден сатып алынып, 545,00 теңгеден сатылуда. Ресей рублі 5,45 теңгеден сатып алынып, 5,85 теңгеден сатылып жатыр.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде АҚШ валютасы орта есеппен 475,59 теңгеден сатып алынып, 477,79 теңгеден сатылуда. Еуроның бағамы 538,66–543,74 теңге аралығында болса, рубль 5,64–5,79 теңге аралығында саудалануда.
Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 475,48 теңгеден сатып алынып, 477,52 теңгеден сатылуда. Еуро 538,58–543,85 теңге, ал рубль 5,67–5,74 теңге аралығында сатып алынып, сатылып жатыр.
Еске салайық, 28 шілдедегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 2,99 теңгеге өсіп, 476,75 теңгені құраған болатын.