Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» 2,3 млрд теңгеге жеңілдік жасамақ

«Самұрық-Қазына» қоры министрлік қызметкерлері үшін алты миллион медициналық маска сатып алмақ.

Осылайша, Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Ішкі істер министрлігі әрқайсы екі миллионнан маска алады. Бұл туралы Премьер-Министр жанындағы дағдарысқа қарсы штаб отырысында Қордың Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол «Samruk Kazyna Construction» АҚ бойынша тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу төлемдерінің 2020 жылдың 1 маусымына дейін қандай да бір айыппұл санкцияларын есептемей кейінге қалдырылғанын хабарлады. Бұл 37 мыңнан астам адам 2,3 млрд теңгеге жеңілдік алады деген сөз.

«Шағын бизнес үшін қиын уақытта бұл жақсы қолдау болады», – деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Сондай-ақ, ол қор қызметкерлері бір күндік жалақысын Елбасының бастамасымен құрылған коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі арнайы қорға аударатынын хабарлады.

Back to top button