276
Нұр-Сұлтан мен Алматыда барлық көлік тұрақтары тегін болады
Нұр-Сұлтан мен Алматыда барлық көлік тұрақтары тегін болады

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау комитеті Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында барлық көлік тұрақтары тегін болатынын мәлімдеді.
«Коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағында енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында автокөлік тұрақтары тегін болады. Алматының қалалық тұрақтарында 21 наурыздан бастап ақы алынбайды. Ақылы тұрақтар тұрғындардан ақыны 15 сәуірге дейін алмайды», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, 19 наурыздан бастап аталмыш екі мегаполисте карантин енгізілді. 16 наурызда ел бойынша төтенше жағдай жарияланды.