Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде аяз болады

«Қазгидромет» РМК 21-26 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы демалыс күндері еліміздің оңтүстік аймақтарына Ираннан жылы циклон өз әсерін тигізеді, осы циклонмен байланысты жаңбыр күтіледі.

Алайда, республиканың батыс бөлігіне Исландиядан суық антициклон әсер етеді, бұл антициклон шығысқа жылжып, жауын-шашынның тоқтауына және Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.

Еліміздің солтүстік бөлігінде түнде ауа температурасы -12-25 градус аязға дейін, оңтүстік бөлігінде -3 градус аяз, кей жерлерде -6-11 градус аязға дейін төмендейді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Back to top button