Үш күнде 1350 турист елге оралды

Үкіметтің туристік мақсатта шетелге шыққан азаматтарды шұғыл қайтару туралы шешіміне байланысты «Туристік Қамқор» ҚҚ туристердің құқығын кепілдендіру жүйесінің әкімшілігі отандастарымызды қайтару процесін бастады, – деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

2020 жылдың 17-19 наурызы аралығында Қазақстан аумағына 1350 турист қайтарылды, 32 туристке жеке авиабилет сатып алынды. Қор есебінен 5 914 туристі шығару жоспарлануда.

«Бортты әуеге көтеру – оңай іс емес, ал ТЖ жағдайында шекаралардың, транзиттік аймақтардың барлық жерде жабылуына, валюта бағамының өзгеруіне және тағы басқа мәселелерге байланысты бұл жұмыс одан әрі күрделене түседі», – деп атап өтті қор төрағасы Ирина Рей.

Бұл қорғау шарасы 11-13 таңбалы коды бар туристерге ғана арналған.

Back to top button