Елордада бір адамға сатылатын азық-түлік көлемі шектелді

Елордада бір адамға сатылатын азық-түлік көлемі шектелді

Елордада бір адамға сатылатын азық-түлік көлемі шектелді
ашық дереккөзі
234
Нұр-Сұлтанда бір адамға сатылатын азық-түлік көлеміне шектеу енгізілді. Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаевтың айтуынша бұл шара азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін қолға алынып отыр. «Бүгіннен бастап елордада карантин енгізілді. Осыған байланысты барлық ірі сауда орындары жабылған. Оларда азық-түлік пен қажетті тауарларды сататын нысандардан басқа дәріханалар, банктердің кассалары қалыпты жұмыс істейді. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген нысандар қалыпты режімде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге; санитарлық және дезинфекция шараларын күшейтуге; кезекте тұрған сатып алушылардың арасында 1 метр қашықтықты қамтамасыз етуге тиіс», - деді ол. Мұнан бөлек, оның атап өтуінше,  азық-түлік тауарларының оның ішінде көкөністер мен жемістерден басқа сусымалы тауарлар мен кептірілген жеміс-жидектерді қапталған күйінде сатуға міндетті. «Сусымалы тауарларды яғни қант, күріш, қарақұмық сатуды бір қолға 5 келіге дейін, күнбағыс майын - 5 литрге дейін шектеуі тиіс. Қоғамдық тамақтану орындары да, атап айтқанда мейрамханалар, дәмханалар, асханалар жабылады. Сондай-ақ, олар онлайн тапсырыс беру мен жеткізуді бойынша жұмыс істей алады. Карантин кезеңіндегі елорданың барлық басқа шаруашылық нысандары жұмысы тоқтатылуы тиіс. Бұл мәжбүрлі шара. Өйткені адам денсаулығы басым болуда. Сондықтан түсіністікпен қарауыңызды сұраймын», - деді Ерлан Бекмырзаев.  

Серіктес жаңалықтары