250
1 млн масканы заңсыз сатқандар ұсталды
1 млн масканы заңсыз сатқандар ұсталды
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті жедел-іздестіру шаралары кезінде заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісін анықтады.
Бұл жайында ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
«Төтенше жағдай кезінде Атырау қаласында біп топ адам жалпы құны 313 млн теңге болатын 1 млн медициналық масканы сатумен айналысқан. Алайда, олардың қолында масканың заңды жасалғанын дәлелдейтін құжат болмаған. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген хабарламада.