265
Инфекция ошағында қалған алматылықтардың жалақысы сақталады
Инфекция ошағында қалған алматылықтардың жалақысы сақталады
Алматыда инфекция ошақтарында қалған азаматтардың жұмыс орны сақталып, уақытша емделу демалысына жіберіледі. Бұл туралы бүгін онлайн конференция барысында қала әкімдігінің өкілдері мәлімдеді.
ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жариялау» Жарлығын орындау мақсатында, коронавирус инфекциясының таралуымен күресу штабының шешімімен және Алматы қаласындағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің №8 үкімімен қала аймағында карантин жарияланды.
Жаңа карантиндік жағдайға сәйкес қала ішіндегі тұрғындардың тұрмысы арнайы режімге өтеді. Инфекцияны жұқтырғандар тұратын пәтерлер оқшауланып, барлық аумақ залалсыздандырылады.
Атап өтетін жайт, барлық меншік үлгісіндегі кәсіпорындар мен мекемелер COVID-19 вирусын жұқтырғандармен байланысып, оқшаулауда қалған азаматтардың жұмыс орны мен еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жәрдемақысын төлеуге міндетті.