Алматыда тұрғынынан коронавирус анықталған тұрғын үй кешені тұтас карантинге жабылды

Алматыда тұрғынынан коронавирус анықталған тұрғын үй кешені тұтас карантинге жабылды

Алматыда тұрғынынан коронавирус анықталған тұрғын үй кешені тұтас карантинге жабылды
ашық дереккөзі
269

Алматы қаласында Зенков көшесінің бойында орналасқан "Сұңқар" тұрғын үй кешені тұрғындардың бірінен коронавирус анықталуына байланысты карантинге жабылды, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Фото: krisha.kz, КТК, zakon.kz

Тұрғын үй кешені тұрғындарымен бірге 15 күнге карантинге жіберілді. Себебі, тұрғындардың бірінен коронавирус анықталған. Инфекцияны таратпау мақсатында жергілікті халыққа тұрғын үй кешенінен шығуға тыйым салынған.

Енді үй тұрғындары қонақ шақырмайды және жерасты көлік тұрағына түсе алмайды. Кешен аумағында адамдарды қажетті тауармен қамтамасыз ететін бір ғана дүкен қызмет ететін болады.

Ал тағам мен тауар жеткізген жағдайда курьер тапсырысты төрт бақылау-өткізу нүктелерінің біріне тастап кетуі тиіс.

Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған науқас арнайы боксқа жатқызылды, ал ол байланысқан барлық тұлға оқшауланды.

Әкімдікте хабарлағандай, тұрғын үй кешені аумағында қабылданған шаралар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген. Қала әкімі орынбасары Ержан Бабақұмаровтың сөзінше, оңтүстік астана аумағында коронавирус жұқтыру ошақтары бар деп жазады Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, қазір негізгі міндет - жұқтыру тізбегін үзіп, инфекцияның таралуын болдырмау.

Шенеунік ошақтарды оқшаулау жұмыстарын билік пен құқық қорғау органдары бірлесе атқаратынын айта кетті. Ошақ аумағында дүкендер мен дәріханалар жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, 19 наурыз түнгі 00:00- ден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин өз күшіне енді. Қалаларға кіру мен шығу жолдары жабық, көшені полицейлер мен әскерилер, Ұлттық гвардия сарбаздары күзетуде.

Серіктес жаңалықтары