332
Төтенше жағдай: ІІМ шетелдіктердің Қазақстанда жүріп-тұру ережелерін түсіндірді
Төтенше жағдай: ІІМ шетелдіктердің Қазақстанда жүріп-тұру ережелерін түсіндірді
Алматы полициясы төтенше жағдай кезінде шетелдіктердің Қазақстан Республикасында жүріп-тұру ережелерін түсіндірді.
ҚР аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына кіріп-шығуына шектеу қойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Шетел азаматтарының көші-қон саласындағы заңнаманы олардың ықпалынан тыс себептермен бұзуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы визасыз кірудің және елде жүріп-тұрудың тәртібі туралы келісім жасасқан. Оның әрқайсысы әрбір күнтізбелік жүз сексен күн ішінде тоқсан күнге дейін ҚР аумағында болуды талап етеді. Көші-қон қызметтері орталығы уақытша тұруға рұқсатты 30 күнге дейін ұзарта алады. Қазақстанға әртүрлі санаттағы визамен келген және мерзімі аяқталған шетелдіктердің елде жүріп-тұруын Алматы қаласының көші-қон қызметі төтенше жағдай аяқталғанға дейін созып береді», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.
Сонымен бірге, шетелдік азаматтар рұқсат етілген 30 күннің ішінде немесе виза уақыты біткен кезде Қазақстан Республикасынан шықпаса, ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Алайда, форс-мажор жағдайына байланысты шетелдіктер уақытынан бұрын кетіп қалғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.